Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікке шалдыққан алматылық жігіт отандастарынан көмек сұрайды

Жарияланған күні:

Жоспархан Қайнар
Фото: Instagram/pomojem_kainaru

Алматыда өкпенің қатерлі ісігіне шалдығып, төсек тартып қалған 28 жастағы Жоспархан Қайнардың жақындары көпшіліктен жан ұшыра көмек сұрауда. Қауіпті дертке тап болған жігіттің еміне қомақты қаржы қажет. Бүгінде ол Түркияда химиотерапия қабылдауды бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жоспархан Қайнардың өкпесінде қатерлі ісік бар екені 2019 жылдың қазан айында белгілі болды. Денсаулығын тексеруге барған жігітке дәрігерлер белгісіз ісікті анықтағандарын хабарлаған.

Сол сәттен бері өмірге деген құлшынысы мол алматылық азаматтың әр күні түбегейлі өзгерген. Кейінгі жасалған зерттеулер нәтижесі де көңіл қуантпады.

Видеотораскопиялық отадан кейін (краевая резекция лёгкого) оның өкпесінде обыр ауыруы бар екені анықталған. Оның үстіне қауіпті дерт 4 кезеңге өтіп, миға метастаза берген екен.

"Диагнозды естігенде өң мен түстің арасында жүргендей күй кештім. Мұндай қиындықты ешкімнің басына бермесін! Уақыт болса өтіп барады. Бүкіл күш жігерімді жинап, бұл сынақпен күресемін деп шештім. Менің әкем қайтыс болған. Отбасындағы арқа сүйер де, асыраушы да жалғыз өзіммін. Анам мен жалғыз қарындасыма демеу болар да жалғыз өзім" , - деді Жоспархан Қайнар.

2019 жылдың желтоқсанында Қайнарға биопсия жасалды. Ал 2020 жылы ол ақпан пен сәуір аралығында жоғары дозалы химиотерапияның 3 курсын алды. Алайда, науқастың жағдайы нашарлап кетуіне байланысты үрдісті тоқтатуға тура келді.

Қайнар және оның отбасы түрлі дәрігерлермен ақылдаса келе, оның емін Түркияда жалғастыруды жөн көрген. Бауырлас елдің медицина қызметкерлері оған үміт отын бергендей болған.

Алайда, жас жігіттың еміне отбасының қаражаты жеткіліксіз. Соған байланысты ол барша жанашыр қазақстандықтардан көмек сұрауда.

Жоспархан Қайнардың туғандары Instagram желісінде оған арнайы pomojem_kainaru атты парақша ашып қойған. Онда олар дерт анықталған сәттен бастап, ем үрдісінің қалай өтіп жатқанымен үздіксіз бөлісуде.

Қатерлі ісікке шалдыққан жігіттің жанұясы бүгінде барша отандастарының көмегіне зәру екендерін айтуда. Қайнардың емін жалғастыру үшін қомақты қаржы қажет.

Қазіргі таңда, ол Түркияда емделіп жатыр. Ол жақында ғана алғашқы химиятеропияны бастаған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Қайнар 3 айда 12 курс химиятеропия алуы қажет.

Жоспархан Қайнардың еміне көмектескісі келетін жанашыр жандар мына төмендегі реквизиттер бойынша оның шотына ақша аудара алады:

  • HALYK BANK 4405 6397 7953 1308
  • KASPI BANK 5169 4971 5967 6901
  • FORTE BANK 5132 2304 3182 5291
  • SBERBANK 4578 3200 1134 1761 KAINAR ZHOSPARKHANOV
  • KASPI GOLD нөмірі 8 707 547 80 92.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903123-qaterli-isikke-saldyqqan-almatylyq-zigit-otandastarynan-komek-surauda/