Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалым: Коронавирусқа қарсы вакцинаны жүктілікке дейін салдырған дұрыс

Жарияланған күні:

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячаслав Локшин жүктілікті жоспарлап жүргендерге және экстрокорпоральді ұрықтандыруға дайындалып жатқандарға вакцина салу мәселесін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер жүктілік жоспарланса, онда вакцинаны сол жүктілікке дейін салдырған дұрыс. Осылайша, өзіңізді қорғай аласыз. Алайда жүкті әйелдердің көбісі жас. Олардың басым бөлігі коронавирусқа шалдықса да, қатты ауырмайды. Дегенмен пневмония қосылса, денсаулыққа ауыр болады. Қауіп-қатерлер де жоқ емес. Сондықтан вакцинация – бұл ауырмаудың жалғыз жолы. Толығымен қорғай алмаса да, ауыр салдарын төмендетеді", - деді Локшин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда ғалым экстрокорпоральді ұрықтандыру кезінде вакцина салу мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде осы қызметті алуға адам көп келіп жатыр. Өйткені биыл 7 000 квота бөлінді. ЭКО-ға қатысатын адамдар да коронавирустан барынша қорғануы тиіс.   

"Әрине, өте сақ болу керек. Вакцина алған дұрыс, я болмаса, экстрокорпоральді ұрықтандырудың алдында барынша қорғану қажет. Себебі коронавирус сперматогенезге кері әсерін тигізеді. Шәуіт жасушалары азаяды, сапасы төмендейді. Біз ондай жағдайдың үш айға созылғанын байқадық. Сондықтан ЭКО-ға дейін карантин шараларын қатаң сақтау қажет", - деп атап өтті Локшин.

Академик ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша карантиннің аяқталмайтынын жеткізді. Ол үшін халықтың басым бөлігі вакцина алу қажет, я болмаса, коронавируспен ауырып шығу керек. Бірақ ауырып шыққаннан кейінгі иммунитет ұзақ сақталмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903134-otandyq-galym-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-zuktilikke-deiin-saldyrgan-durys/