Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол апатынан алты адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: Sputnik/ Стрингер

Алматыда Оңғарсынова мен Қожабеков көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, Toyota Spacio жүргізушісі Chevrolet Nexia көлігіне жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысқан.

Қатты соққыдан Toyota жолға кесе көлденең тұрып қалған, ал Chevrolet қарсы қозғалыс жолағынан өтіп, жол жиегіне тоқтаған.

Оқиға орнынан фото32
Оқиға орнынан фото: Sputnik/ Стрингер

Апат салдарынан алты адам: Nexia жүргізушісі мен үш жолаушысы, сонымен қатар Toyota жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.

Chevrolet-тің әйел жүргізушісі дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан, қалғандары ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнынан фото74
Оқиға орнынан фото: Sputnik/ Стрингер

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе-Астрахань тас жолында жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бес адамның зардап шеккенін, бір адамның қаза болғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға 11 наурыз күні таңертең сағат 9:00 шамасында "Ақтөбе-Астрахан" автожолының 74 шақырымында болған.

"Honda CRV" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағашқа бағыт алған. Жеңіл көлік Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің жанында Темір аудандық ауруханасына тиесілі "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан. 

Салдарынан "Honda CRV" автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы көз жұмған. Дәрігерлер тағы бір жолаушының жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Осы орайда облыстың полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды, қауіпсіздік ережесін сақтауды, ауа райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903156-almatyda-zol-apatynan-alty-adam-zardap-sekti-foto/

pixel