jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Карантин кезінде істелген сұмдық қылмыстар жарияланды

Қылмыс2
Көрнекі фото: NUR.KZ

Пандемияның кесірінен үйде істелетін қылмыс қатары күрт өскен. Адамдардың ұзақ уақыт бойы оқшаулануы және ішімдікке салынуы салдарынан зорлық-зомбылық мәселесі ушығып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Карантин кезінде істелген сұмдық қылмыстар статистикасын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жариялады.

"Мен бір статистиканы келтірейін, оны әлі еш жерде жариялаған жоқпын. Адамдардың ұзақ уақыт оқшауда отыруы және ішімдікке салынуы салдарынан қылмыстың 80 пайызы үйде жасалады. Басым бөлігі зорлау және балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер. Осы қылмыстардың көбісін туыстары жасаған" , - деп мәлімдеді министр.

Пандемия уақытында полицейлердің басым көпшілігі блок-бекеттерге шығып, көшедегі санитарлық талаптың сақталуын қадағалауға жұмылдырылғандықтан, тұрмыстық зорлық жайы назардан тыс қалған. Оны бас полицейдің өзі де мойындап отыр.

Министр нақты мәліметтерді де жариялады. Осы санатқа жататын 825 қылмыс тіркеліпті. Соның 669-ын, яғни, 81 пайызын отбасыдағы адамдар істеген.

Зорлық істегендердің 10 пайызы – әкелер мен өгей әкелер. Ал қалғандары баланың анасымен бірге тұратындар, көршілер, туыстар және таныстар. Осы істерді сотқа жеткізуде қиын жағдай туындап жатады екен.

Министрдің айтуынша, баласы зорлық көрген аналар көбіне өз көңілдестерін жақтап, қарсы дәйек айтудан бас тартады.  

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Карантин кезінде істелген сұмдық қылмыстар жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.