Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстан "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы бойынша 2021 жылдың 13 наурызындағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың" ресми Telegram-каналы.

Ресми мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы бойынша "қызыл" аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары тұр.

Ал "сары" аймаққа бүгінде Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген.

Еліміздің қалған өңірлері COVID-19 таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.

Айта кетейік, КВИ бойынша аймақтарға бөлінген облыстардың құрамы кешеден бері өзгерген жоқ. Алайда, оған қарамастан Қазақстан бүгін "жасыл" аймақтан "сарыға" өтті.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 1002 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Республика аумағында қауіпті дерттің таралу қарқыны күшейе түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903172-koronavirus-qazaqstan-sary-aimaqqa-otti/

pixel