Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты бірнеше күн бойы іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Тыныштық Уразалиев
Фото: azh.kz

6 наурызда Атырау тұрғыны Тыныштық Уразалиев үйінен жұмысқа қарай шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Ер адамды оның жақындары, еріктілер мен құтқарушылар іздестіріп жатыр. Бұл жайында өңірлік ТЖД ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, олар ер адамның жоғалып кеткені жайлы хабарлама 10 наурыз күні келіп түскен.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне қала тұрғыны хабарласып, 1967 жылы туған Тыныштық Уразалиев атты азаматтың 6 наурызда сағат 19-00-де үйден жұмысқа шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмағанын айтып берді.

Белгілі болғандай, ер азамат "WDC" ЖШС-де күзетші болып жұмыс істейді.

Жоғалып кеткен азаматты іздестіру
Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Хабарлама келіп түскен соң, ТЖД жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинологиялық есеп және 4 бірлік техникасы және еріктілермен (4 адам және 2 бірлік техника) бірлесіп Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінде іздестіру жұмыстарын бастады.

Тәуліктің қараңғы мезгілінің басталуымен байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылып, 11 наурыз күні сағат 08:00-де қайта жанданды. Бұл күні іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, 3 техника, (оның ішінде 2 кинологиялық есеп) және жоғалып кеткен ер адамның 10 туысы жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Тыныштық Уразалиевті әлі тапқан жоқ.

Жоғалып кеткен азаматты іздестіру
Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903192-atyrauda-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-azamatty-birnese-kun-boiy-izdestirip-zatyr/

pixel