Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 жыл шыдадым": Жақ сүйегі сынған келіншек күйеуінен түн ішінде қашып кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыдағы "Жан Сая" дағдарыс орталығын 12 жыл отасқан күйеуінен зәбір көрген келіншек паналады. Ол сүйіп қосылған жұбайының аяқ асты өзгеріп, ішімдікке салынғанына куә болады. Одан бөлек, ұзақ жылдар бойы күйеуі тарапынан психологиялық қысымға ұшырап, оның таяғына да шыдайды. Алайда, бәрі шектен шығып, күйеуінің соққысынан соң жақ сүйегі сынып кеткенде ол амалын тауып үйден қашып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара (кейіпкердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында кейіпкердің аты өзгертілді – ред.) күйеуімен сүйіп қосылған. Бірнеше жыл бойы қыз-жігіт ретінде кездесіп, тәтті сезімдерді бастан кешірген олар үйленуге бел буады. Отбасылық өмір де жақсы басталған. Алайда, тұңғышы дүниеге келген соң күйеуі ішімдікке салынып, күрт бұзылады.

"Бақытты сәттер ұзаққа созылған жоқ. Ол өмірімнің күл-талқанын шығарды. Алғашында психологиялық және эмоционалды қысым көрсетіп, кейін қол көтере бастады. Отбасын өзі асырап отырғанын күн сайын еске салып отыратын. Үйге бірнеше күн қонбай, ішімдікке тойып келген соң соққыға жығуды әдетке айналдарды. Жанұямызды сақтау үшін бәріне шыдап жүргенімде 12 жыл да өте шығыпты. Осы аралықта үш баланы дүниеге әкелдім. Бірақ ортақ сәбилеріміз де оның көңілін көншіткен жоқ. Бірде кезекті "қырғын" барысында ол менің жақ сүйегімді сындырды. Жаным көзіме көрініп, жедел жәрдем шақырмақ болғанымда телефонымды тартып алып, дәрігерге қаралуға рұқсат берген жоқ. Сол түні оның ұйықтап қалғанын күтіп, сүйретіліп көршілеріме бардым. Олар жедел-жәрдем шақырып, мені дәрігерлерге тапсырды", - дейді Тамара.

Ақ халаттылар болса, Тамараны "Жан Сая" дағдарыс орталығына бағыттайды. Бұл жерде ол психологиялық және заңды тұрғыдан көмек алып, балаларын өзіне қайтарып алды. Ең бастысы – бүгінде Тамараның өзіне деген сенімі артып, өмір сүруге құлшынысы қайта оянған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903236-12-zyl-sydadym-zaq-suiegi-syngan-kelinsek-kuieuinen-tun-isinde-qasyp-ketti/

pixel