Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз үйінде өлі күйінде табылды

Жарияланған күні:

Үй
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысының Жалтыр ауылында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды. Бірінші болып марқұмдардың көршілері дабыл қаққан. Бұл туралы Астрахан облысының әкімдігі хабарлады.

Белгілі болғандай қос пәтерлі үйдің тұрғындары көршілерінің үйінен қозғалыс белгісі байқалмайтынын және пештен түтін шықпай жатқанын байқаған.

Сөйтіп, оқиға орнына ауыл әкімдігінің қызметкерлері, полиция және марқұмдардың ұлы шақырылған. Пәтердің есігі ішкі жағынан жабық болған, терезеден кіруге тура келген. Үй қожайындарының денесі әртүрлі бөлмеден табылған.

Астрахан облысының әкімдігінде атап өткендей, алдын-ала мәліметтер бойынша, 68 және 62 жастағы ерлі-зайыптылардың өлімі иісті газдан уланудан болған.

Ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы бар. Ол да ата-анасының қайтыс болғанын екі күннен кейін білген. Ауыл әкімдігі жерлеу рәсіміне қолдан келгенше көмек көрсетпек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан қаласындағы жеке үйлердің бірінен бір ересек адам мен кәмелеттік жасқа толмаған төрт баланың денесі табылған еді.

Кейін оқиғаның мән-жайы айтылды. Белгілі болғандай көз жұмғандар анасы мен төрт баласы.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға үй ішіндегі пеш себеп болған яғни олар исті газдан уланып қалған. Табиғи газбен жабдықталған үйде иран пеші орнатылғаны анықталды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пештің талапқа сай немесе сай еместігін анықтау үшін сот-техникалық сараптамасы тағайындалған.

Анасы мен төрт баласы туған жері Қызылорда облысы Жаңақорғанға жерленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903375-aqmola-oblysynda-erli-zaiyptylar-oz-uiinde-oli-kuiinde-tabyldy/