Министр өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті
Жарияланған күні:
Қазақстандық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жеңілдіктеріне ие болады. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай бастама көтерді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомство басшысы Юрий Ильин агенттік тілшісіне берген сұқбатында қазір қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет енгізу мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.
"Біздің қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет қорғаныс министрлігінің құрылымындағыдай болады. Яғни, жігіттер баспанаға көтерме ақы алу үшін. Бұл қызметкерлерге тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Біз жақында "Отбасы банктің" басшылығымен кездестік, олар қолданыстағы бағдарламалардың ережелерін түсіндіруге дайын", - деді министр.
Оның айтуынша, елордалық құтқарушылар кейін сатып алу құқығымен арендалық тұрғын үй алушылардың тізіміне қосылды.
Бұдан бөлек, Юрий Ильин соңғы екі жыл бойы ел басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды.
Атап айтқанда, екі жыл ішінде төмен буынның жалақысы 65 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өскен. Алдағы үш жылда ТЖМ қызметкерлерінің айлығын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр.
2018 жылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (қазір "Отбасы банк") әскери қызметшілерге арналған "Әскери баспана" бағдарламасын (кредит жылдық 8 пайызбен) іске қосты. 2020 жылы ипотека шарттарына өзгеріс енгізілді. Тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметшілер ақшаны жалға алған үйге емес, өз баспанасының кредитін өтеуге жұмсай алады.
Қазір мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін жеті ведомствоның қызметкерлері алады: ҰҚК, қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ кейбір қызметкерлері, әскери прокуратура мен "Сырбар" сыртқы барлау қызметкерлері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903438-ministr-ort-sondirusiler-men-qutqarusylarga-qatysty-zagymdy-zanalyqpen-bolisti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.