Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хоум Кредит Банкі» мен QIWI Kazakhstan ел назарына бірегей карта ұсынды

Опубликовано:

Банк Хоум Кредит
Фото: Home Credit Bank

Наурыз айының басынан бастап «Хоум Кредит Банкi» клиенттері бірегей кобрендтік картаны бірінші болып пайдалану мүмкіндігіне ие болмақ. Банк QIWI Kazakhstan халықаралық төлем жүйесімен бірлесе отырып, Qiwi-әмиян мен банк картасының мүмкіндіктері өзара біріктірілген карта жасап шығарды.

Өнімнің бірегейлігі сонда, карта арқылы QIWI-әмияндағы ақшаны кез келген жерге комиссиясыз аударуға болады. Бұл - мұндай аударымдар жасаудың жалғыз тәсілі.

Карта иелері оны қолдану кезінде оның барлық артықшылықтарын өз игілігіне пайдалана алады. Нақтырақ айтсақ:

  • QIWI-әмиян мен кобрендтік карта арасындағы тегін аударымдар;
  • ҚР бойынша 1000-нан астам және әлем бойынша 100 000-нан астам қызметтер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасау;
  • Барлық сатыпалулардың 3%-на дейінгі кешбэк;
  • Ай сайынғы тегін қызмет көрсету.

Бұдан былай «Хоум Кредит Банкi» мен QIWI Kazakhstan кобрендтік картасын ұстаушылар бұл бірегей өнімді өз дәрежесінде бағалай алады. Себебі, енді олар өз QIWI-әмияндарына ақша салу үшін жақын маңнан терминал іздеп әуре болмайды. Home Credit Kazakhstan қосымшасы арқылы аударым жасау - оңай, қауіпсіз әрі тез.

Картаның көмегімен клиенттер QIWI-әмияннан картаға комиссиясыз ақша аудару, сонымен бірге Қазақстандағы және әлемдегі интернет-дүкендерде, қосымшаларда, түрлі веб-сайттарда сауда жасау секілді айрықша мүмкіндіктерге ие болмақ.

«Хоум Кредит Банкi» мен QIWI Kazakhstan екеуі бірлесіп жасаған кобрендтік карта банктің жаңа өнімі ғана емес, бұл – біздің нарықта бірінші болып қазақстандықтарға ұсынып отырған эксклюзивіміз. Оны жасау кезінде карта отбасының әр мүшесі үшін ыңғайлы әрі пайдалы болуы тиіс деген ұстанымды ұстандық. Сол себепті, банктің дебетті картасы мен QIWI-әмиянның барлық айрықша мүмкіндіктерін біріктіруге тырыстық. Мұның барлығы клиенттерімізге күнделікті қолдануға арналған барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы өнім ұсыну мақсатында жасалып отыр», - дейді банктің баспасөз қызметіндегілер.

Карта арқылы жасалған кез келген сатып алу үшін клиенттерге 3%-ға дейінгі көлемде кешбэк түседі (барлық қолма-қол емес есеп айырысуларға - 1%, егер депозитте 500 000-нан кем емес сомада қаражаты болса, келер ай ішінде + 2% түседі), сондықтан ол күнделікті жасаған сауда-саттық арқылы пайда тапқысы келетіндер және ақша жинап, оны көбейткісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік.

Банк клиенттері өз деректерінің қауіпсіздігі үшін уайымдамаса да болады, себебі, кобрендтік карта, банктің өзге де карта түріндегі өнімдері секілді интернеттегі тауарлар мен қызметтер үшін қауіпсіз төлем жасауды қамтамасыз ететін 3D Secure технологиясымен жабдықталған.

Егер «Хоум Кредит Банкi» мен QIWI Kazakhstan ұсынып отырған жаңа кобрендтік картаның барлық артықшылықтарын пайдаланып көргіңіз келсе, қазірден бастап банктің жақын маңдағы бөлімшесінен оған тапсырыс беруіңізге болады.

Жаңа карта туралы толық ақпаратты мына сылтеме арқылы білуге болады: kz-lang.homecredit.kz/cards/cobrand-qiwi-card1

* PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903572-xoum-kredit-banki-men-qiwi-kazakhstan-el-nazaryna-biregei-karta-usyndy/

pixel