jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған ер адам құдықтың ішінен табылды

Ер адам
Видеодан кадр: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында екі күн бұрын мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті. Оны құдықтың ішінен тауып алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік ресми өкілінің сөзінше, 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 1980 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оның екі күн бұрын мал іздеуге кетіп, сол күйі оралмағанын айтқан.

11 құтқарушы, бір полицей мен үш туысы ауыл тұрғынын іздеуге кіріскен. Диспетчерлік қызметке хабар түскеннен бір сағат өткен соң ер адамды жоғалған жері Көккөз ауылынан екі шақырым жерден тапқан.

Оның тереңдігі 3 метр болатын құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмағаны белгілі болды. Құтқарушылар ер адамды арқанның көмегімен шығарып алған. Оған медициналық көмек қажет болмапты.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында "BMW" маркалы жеңіл автокөлік иесі жол жиегінде тұрған полицейлердің қызметтік көлігін соғып кеткен еді.

Бұл оқиға 2021 жылдың 14 наурызында Ордабасы аумағы Шымкент-Самара тас жолының 49-50 шақырымында сағат 17:15 шамасында орын алған.

Бүгінгі таңда аталған жайт тіркеуге алынып, тексеру амалдары жүргізілуде. Жүргізушілер тиісті медициналық куәландырудан өтті. Оның қорытындысы бойынша жүргізушілер ішімдік ішпеген.

Сондай-ақ көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылған.

Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған ер адам құдықтың ішінен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.