Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік ақтөбелікке 2 млн теңгенің жалған сертификаты не себепті берілгенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Сертификат22
Кадр: КТК арнасынан

Ақтөбе облысының әкімдігі бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваға жалған сертификат берілгені туралы дауға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның Facebook парақшасында брифингтен видео жарияланды.

Әйелге пайдалануға немесе қолма-қол ақша етуге болмайтын 2 млн теңгенің сертификатын берген екен.

Ақтөбе облысы әкімдігінің айтуынша, 1 наурызда Алғыс күніне орай Қазақстан халықтарының ассамблеясының ғимаратында іс-шара өткен.

Бұған дейін ішкі саясат басқармасы көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу туралы ұсыныс жасаған. Әзербайжан орталығы бастаманы қолдап, жатақхананың бөлмесінде тұратын бес баласы бар Айсұлу Күздібаеваға көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз сатып алған.

Алғыс айту күнін тойлау аясында орталық қайырымдылық көмек бергенін көрсеткісі келіп, өңір әкімінен әйелге Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы ретінде сертификат беруін өтінген.

Осы ретте оған екі миллион теңгенің жөндеу жұмыстары мен жиһазға жұмсалған сома екенін түсіндірген.

Сонымен бірге осыған қатысты Ақтөбедегі Әзербайжан ассоциациясының филиалы да пікір білдірген.

"Бізге Айсұлу Күздібаеваның отбасы бар екені, оған көмектесу керектігі жөнінде ұсыныс түсті. Ол 5 баласымен қиын жағдайда өмір сүреді. Сол себепті біз өз күшіміз және қаражатымызбен бұл отбасының пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз сатып алуға көмектесуге келістік.

1 наурыз Алғыс айту күнінде біз облыс әкімімен бірге Достық үйінде жиналып, бір-бірімізді құттқтамақ болдық.

Өйткені әкім Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы, сол себепті біздің жас қанатымыз үлгі болсын деп әкімнің қолы да, мөрі де басылмаған сертификат беруді өтіндік. Сертификатта пәтердің жөндеуі мен жиһаз сатып алуға кеткен сома көрсетілген. Біз өз күшімізбен қолдан келгенін жасадық. Бұл облыс әкімінің гранты емес, бұл түсініспеушілік", - дейді филиал.

Сондай-ақ түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін көпбалалы ананың еш шағымы жоқ екені атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903624-akimdik-aqtobelikke-2-mln-tengenin-zalgan-sertifikaty-ne-sebepti-berilgenin-tusindirdi/