Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жасар қыз өгей әкесі зорламақ болғанын айтты: Күдіктінің туыстары айыппен келіспейді

Жарияланған күні:

фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қызға қысым көрсетті деген іс туралы жаңа мәліметтер пайда болды: жәбірленушінің анасы ер адам оны ұрды деп мәлімдесе, ал туыстары күдіктінің кінәсіз екенін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуразия бірінші арнасының мәліметінше, кәмелетке толмаған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сол күні ер адам анасы мен оның арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтірді деп айыптағанын айтты.

"Ол кеуде қуысы мен ішіме қолын жүгіртті. Өте қорқынышты болды, күтпеген жерден қолын түсірсе не болады деген ой келді. Сосын ол "Сенде жыныстық қатынас болды ма" деп сұрады. Мен жоқ деп тіл қаттым. Ол болса: "Бұл сенің ересек адаммен болған алғашқы сексуалдық тәжірбиең деп есепте" деді. Содан соң, "Маған сенің денеңді тасжолдың бойына қалдырып кетуге ешкім кедергі келтіре алмайды", - деді Вероника телеарна тілшісіне (кейіпкердің аты өзгертілді - ред.).

Қатты қорқып қалған қыз сол күні өзінің әкесінің үйінде түнеген. Ол басынан өткен жағдайды тек бір күн өткеннен кейін ғана жақынына жеткізіпті. Ер адам бірден бұл мәселені шешуді қолға алған.

"Түнде домофон шырылдады. Ол домофонды көтерген уақытта ар жақтан айқайды, боқтық сөздерді естідім. Күйеуім бөлмеде тыпыршып кетіп, тез киінен бастады. Содан кейін баспалдақпен түсу үшін балконға шығып кетті. Мен осы уақытта есіктің сығалауышынан кім келгенін көргім келді. Сөйтсем Костя тұр. Есікті ашқанда ұрыс керіс басталып кетті", - деді жәбірленушінің анасы Ирина (аты өзгертілді - ред.).

Верониканың анасы ер адамның бұрын өзін күдікті ұстағанын мойындады: ол екі отбасында тұрған, өзін миллиондаған теңгеге несие алуға көндірген, қызғанышты алға тартып 5 жыл қатарынан қол көтерген.

"Қызым үшін және өзімнің өмірім үшін мен ол қайта келе ме деп қорқамын. Бұл - педофилия! Ол бойжетіп келе жатқан қызды сүйіп қана қоймай, "қызым" деді. Мен бұл істің мемлекеттің бақылауға алынғанын қалаймын", - деді Ирина.

Өз кезегінде күдіктінің туыстары оның кінәсі жоқ екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903670-16-zasar-qyz-ogei-akesi-zorlamaq-bolganyn-aitty-kudiktinin-tuystary-aiyppen-kelispeidi/