Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Lexus пен ВАЗ бетпе-бет соқтығысты (фото)

Жарияланған күні:

Жол апаты
Фото: Sputnik Қазақстан

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Екеуінің де алдыңғы бөлігі опырылып, ВАЗ-21099 аударылып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полицияның мәліметінше, жол оқиғасы "Алматы-Жетіген" тасжолының 33 шақырымында болған. Жаңалық ауылына жақын жерде Lexus пен ВАЗ-21099 бетпе-бет соқтығысты. Оны көрген адамдардың айтуынша, Lexus-тың 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде алдынан ВАЗ-21099 шыққан. Көліктердің қатты соқтығысқаны сонша, ВАЗ аударылып түскен.

"Жол апаты кезінде ВАЗ-21099 көлігінде болған 1994 жастағы жолаушы келіншек алған жарақатынан қайтыс болды. Екі жүргізушінің жағдайы ауыр, оларды дереу ауруханаға жеткізді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп танылған адам бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында "BMW" маркалы жеңіл автокөлік иесі жол жиегінде тұрған полицейлердің қызметтік көлігін соғып кеткен еді. Бүгінгі таңда аталған жайт тіркеуге алынып, тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903679-almaty-oblysynda-lexus-pen-vaz-betpe-bet-soqtygysty-foto/