Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауруханада маскасыз жүрген дәрігерлер жұрттың ашуын туғызды

Опубликовано:

Врач без маски в ЗКО
Кадр: instagram.com/zkoonline

Әлеуметтік желіде кезекті видео тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Кадрдан ер адамның ауруханада бетпердесіз жүрген медицина қызметкерлерінің әрекетіне ашуланғанын байқауға болады. Аталған жағдайға Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео әлеуметтік желіде 16 наурыз күні жарық көрді. Тимур Базаров есімді ер адам видеоны Бөрлі аудандық орталық ауруханасында түсіргенін айтты.

"Мен анамның жағдайын білуге ​​келген болатынмын. Ол инсультпен ауруханаға түскен. Дәрігерлер менімен сөйлеспей, шығарып жіберуге әрекеттенді. Содан кейін видеоны түсірдім. Олардың жүріс-тұрысына ашуландым!" - деп түсіндірді ол.

Желіде жарияланған видео қысқа уақыт ішінде көпшіліктің талқысына түсті. Ролик он мыңдаған қаралымға, жүздеген пікірге "ие болды".

Оқырмандардың басым бөлігі қауіпсіздік шараларын сақтамаған дәрігерлерді "жерден алып, жерге салды".

Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берілді.

"Тұрғын ординаторлық ауруханаға барған. Кез келген жағдайда дәрігерлер бетперде кимегені үшін жазаланады. Бірақ заңға сәйкес ер адамның да оларды видеоға түсіруге құқығы жоқ. Бізге шағымдануына болар еді", - деді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903717-bqo-da-auruxanada-maskasyz-zurgen-darigerler-zurttyn-asuyn-tugyzdy/

pixel