Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы тегін жасалатыны рас па

Жарияланған күні:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға рұқсат бергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Алайда ведомство бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Елімізде жыныс ауыстыруға қатысты денсаулық сақтау министрлігінің бұйырығы шыққаны жайлы алғашқылардың бірі болып блогер Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында жазды.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданды. Кейбір ауырған жандарға (балаларға) не квота жоқ, не дұрыс ем жоқ. Күніне жүздеген оқырманым ауруына ем іздеп, денсаулық сақтау министрлігінен қайыр жоқ деп ақша сұрап жатады. Ондай диагноздарға ақша жоқ деген министрлік жыныс ауыстыруға ақша тауып отыр", - дейді ол.

Оның жазбасын әнші Алтынай Жорабаева да көшіріп, бұған қатысты пікірін білдірген.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді". Денсаулық сақтау министрі, Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды! Тегін! Президент мырза! @tokayev_online сонда қалай? Осы жағдайдан бейхабарсыз ба? Қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз?! ЛГБТ-ға жағдай жасау үшін барлығына дайынсыздар ма, сонда? Әлде сіздің рұқсатыңызсыз білгенін жасап, ойына келген қаулыны шығара бере ме? Діни басқарма не қарап отыр? @muftyat__kz", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Бұл ақпаратқа пікір жазған желі қолданушылары тіс емдеудің неге тегін еместігін, кейбірі балаларына тегін дәрі-дәрмек ала алмайтынын айтқан. Енді бірі мұның орнына науқас сәбилерге көмектесу керек деп есептейтінін жазған.

Осы ретте денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомство жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай қаулы шықпаған", - дейді баспасөз қызметінің мамандары.  

Министрлік қызметкерлерінің сөзінше, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасы кірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903743-qazaqstanda-zynys-auystyru-otasynyn-tegin-zasalatyny-ras-pa/