Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі

Жарияланған күні:

Қарағанды
Қарағанды. Фото: rossija.info

Қарағанды облысының кейбір қалалары мен аудандарында 20 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Атап айтсақ, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қаласы мен Абай және Ақтоғай аудандарында карантин күшейтіледі деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин хабарлады.

Оның сөзінше, аталған қалаларда коронавирус жұқтыру дерегі орташа облыстық көрсеткіштен асып кеткен.

Аталған қалалар мен аудандарда келесі нысандар жұмыс істемейді:

  • шағын орталықтар;
  • жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар мен үйірмелер;
  • банкет залдары;
  • театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк;
  • мәдениет нысандары, оның ішінде дайындық;
  • ата-анасының өтініші бойынша 15 балаға дейін топтастырылған мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда).

Келесі әрекеттерге тыйым салынады:

  • сабақтан тыс уақытта жеке оқыту, оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, COVID-19 бойынша қолайсыз өңірлер мен елдерге олимпиадаларға шығуы, экскурсиялар;
  • "Ashyg" пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда, қызметі қайта іске қосылмаған нысандарға (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтар), балалар ойын-сауық орталықтарына (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар), батуттарға, кальян, букмекерлік кеңселерге баруға.

Демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылатын нысандар:

  • сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары, алаңы 2 000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) (азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда).

Сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылатын нысандар:

  • сауна, СПА-орталықтар, массаж салондары, бассейндер ("Ashyg" пилоттық жобасы жүзеге асырылатын нысандарды қоспағанда);
  • жабық базарлар.

Жексенбі күндері ашық базарлар да жұмыс істемейді (азық-түлік және азық-түлік емес).

Қоғамдық тамақту нысандарының жұмыс режимі 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі (толтырылуы 30 отыратын орыннан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, сауда желілерінде, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларда (жеке үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану нысадарының қызметіне тыйым салынады.

Фудкорт тек тамақты алып шығу және жеткізу үшін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тоқтатылады: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар-Қарағанды.

Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйдің ішінде ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

"Енгізілген шектеу шаралары ең алдымен бір мақсатты көздейді – бұл байланыстарды азайту, аурудың өсуіне жол бермеу, сапалы дезинфекциялық өңдеу жүргізу", - дейді Юрий Залыгин.

Ол тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903795-qazaqstannyn-tagy-bir-onirinde-karantin-kuseitiledi/