Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа жол жоқ": Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

тоқаев жаңа сурет
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте коронавирусқа жаппай вакцинациялауға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент еліміздегі эпидемиялық ахуалдың тұрақсыз екенін айта келе, қала тұрғындары мен бизнес өкілдері індеттен сақтануға аса мән бермей, оны елемей жүргенін атап өтті.

"Мен тағы да отандастарымызды сабыр сақтауға, барлық санитарлық нормаларды қатаң ұстануға, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын. Үкімет пен әкімдіктер жаппай вакцинация жүргізуге дайын болуы керек.

Біз 1 ақпаннан вакцинация жұмысын бастадық. Бірақ дәл қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырған азаматтардың саны 19 мыңнан сәл ғана асады. Жоспар бойынша біз 6 миллионнан астам адамға вакцина салдыруымыз керек.  

Егер өз өндірісіміздің қуаты мен Ресейден әкелінетін вакцина жетпей жатса, онда нарыққа шығып, қажетті көлемді импорттау қажет. Жаппай иммунитет қалыптастырмай ауруды жеңе алмаймыз, экономиканы қайта қалпына келтіру де мүмкін емес.

Үкіметке аталған жұмысты жандандыруды тапсырамын. Бұл мәселені өзім бақылап отырамын. Вакцинацияға дұрыс қарау керек, бұдан басқа жол жоқ. Осы мәселені азаматтардың есіне тағы бір мәрте салғым келеді, – деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан прези денті Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізгені туралы хабарлаған едік.

Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев ел тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі табыстары Алматы қаласымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903842-basqa-zol-zoq-qasym-zomart-toqaev-barsa-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel