Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Тұрғындар табысының азаюына жол бермеуіміз керек

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: qazaquni.kz

Президент Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте халықты жұмыспен қамтуды маңызды мәселелердің бірі ретінде айтты. Пандемия кезінде бұл мәселенің өзектілігі арта түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі күрделі кезеңдегі біздің басты міндетіміз – жұмыссыздықтың күрт көбеюіне, жұмыс орындарының жаппай қысқаруына және тұрғындар табысының азаюына жол бермеу. Сонымен бірге іскерлік белсенділікті сақтау үшін бизнесті ынталандыру өте маңызды, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлеуметтік салаға ерекше назар аударды.

Президент ерекше күтімге мұқтаж жандарды қолдаудың және оларға барынша қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын жеткізіп, оның мемлекеттің әлеуметтік саладағы басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл бағытта қала әкімдігі мен жауапты құрылымдар өз жұмысын тиімді атқармай отырғанын тілге тиек етті.

Осыған орай қала әкімдігіне мұқтаж жандарды оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ, әлеуметтік және басқа да нысандарды тиісті стандартқа сәйкестендіруді тапсырды. 

Президент әкімдікке мектептегі, балабақшадағы орын тапшылығын кезең-кезеңімен азайтудың жоспарын жасау туралы тапсырма берді. Бұл жобаларды іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігін еске салды.

"Былтыр екі-ақ жаңа мектеп бой көтерді. Бес мектептің жанынан қосымша ғимарат салынды. Орын саны бар-жоғы төрт мыңға көбейді. Сонымен бірге небәрі 670 орындық төрт балабақша ашылды. Екі миллион тұрғыны бар қала үшін мұның қай-қайсысы да жеткіліксіз, – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903847-memleket-bassysy-turgyndar-tabysynyn-azayuyna-zol-bermeuimiz-kerek/

pixel