Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 8 млн теңге қарызын қайтарам деп ажал құшқан жігіт жайлы дерек шықты

Опубликовано:

Марқұмның туыстары
Видеодан кадр: Отырар телеарнасы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында тұратын Артықбаевтардың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Кенже ұлдарынан айырылып қалған ата-анасы болған жайтқа әлі де сене алар емес деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бұл оқиға Қалмұрт тұрғындарының үрейін ұшырған. 25 жастағы жігіт танысымен кездесу үшін кешке үйден шығып кеткен. Алайда ол сол күйі оралмаған.

Марқұмның ағасы жас жігіттің өзіне 8 миллион теңгедей қарыз болып қалған танысымен кездесуі керек болғанын айтады. Ер адамның сөзінше, бауырын қатты соққыға жығып, денесін қиыршық тастың астына көміп тастаған.

"Оны қатты соққыға жыққан, жағы мен мұрны сынған, көздері ісіп кеткен. Қалайша адамды осынша қорлауға болады? Бұл неткен қатігездік!", - дейді Болат Артықбаев.

Марқұмның артында аяғы ауыр әйелі мен бес айлық баласы қалған. Сонымен бірге туыстары 25 жастағы жігітті бір адам өлтірді дегенген сенбей отыр.

Айта кетсек, бұған дейін облыстық полиция департаменті қылмысты жасады деген күдікпен бір адамның ұсталғанын хабарлаған еді.

Бастапқыда ол өз айыбын мойындамаған, дегенмен айғақтардың арқасында күдікті қылмысын мойындаған.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, марқұм өзінің BMW көлігін тастап, күдіктінің көлігіне отырған. Сол мезетте танысы қарызын қайтарғысы келмей, екеуінің арасында жанжал туындаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті танысын қылқындырып, денесін карьердің маңына көміп тастаған. Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903916-turkistan-oblysynda-8-mln-tenge-qaryzyn-qaitaram-dep-azal-qusqan-zigitke-qatysty-tyn-derek-syqty/

pixel