Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Локдаун енгізілетін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Наурыз мерекесінде, 22-24 наурыз аралығында елордада қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді деп хабарлайды CTS Instagram парақшасы.

City Transportartion Systems хабарлауынша, тек жексенбі, 21 наурыз күні қалада және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысына шектеу қойылады.

Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді, себебі дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. ⠀ Ал сенбі, 22-24 наурыз аралығында яғни мереке күндері қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. ⠀ "Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - дейді CTS өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді.

Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі.

Жексенбі күні СОО, СҮ, СО (оларда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлардың, азық-түлік емес тауарларды өткізетін объектілердің, жабық спорт объектілерінің, ХҚО, "Қазпошта" АҚ секілді мекемелердің қызметіне тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903927-lokdaun-engiziletin-nur-sultanda-qogamdyq-kolikter-qalai-zumys-isteidi/

pixel