Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

"Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар "дене массажы", "СПА-салон" және "сауна" белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды", – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев.

Сонымен қатар, спикер жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді іс-шара нәтижесіндегі құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың жеке тұлғаларын басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға әкелгенін атап өтті.

Еске салсақ, карантин кезінде Алматы облысында монша атын жамылған притон жұмыс істегені анықталды. Мұнда 21 жастағы алматылық келіншек әкімші болып істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903963-almatydagy-saunalar-men-spa-salondarda-zenil-zuristi-30-aiel-ustaldy/

pixel