Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында блок-бекеттер қойылып жатқаны рас па: Департамент пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде блок-бекеттер қойылып жатыр деген қауесетке пікір білдірді. Себебі желіде пайда болған видео тұрғындарды дүрліктірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбадан тас жол бойында тұрған әскери техниканы байқауға болады және роликтің жазбасынада "блок-бекеттер қойылып жатқан секілді" делінген.

Алайда Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мұндай жорамалды жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желіде тарап жатқан Алматы облысында блок-бекеттер қойылуда деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында демалыс күндері толық локдаун енгізілген еді.

Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдарының, қоғамдық моншалар мен көліктің жұмысы сағат 17-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.

"Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады, бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады", - дейді өңір басшысы Амандық Баталов.

Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі.

18 наурыздан бастап қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты қысқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903975-almaty-oblysynda-blok-beketter-ornatylyp-zatyr-ma-departament-pikir-bildirdi-video/

pixel