Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Науқастар ауруханаға ауыр жағдайда түсіп жатыр": Отандық дәрігер дабыл қақты

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған науқастардың саны күн санап көбейіп барады. Науқастар ауруханаларға ауыр күйде түсіп жатыр. Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлім етті деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Ол былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқатынын жасырмады. Маманның сөзінше, қазіргі КВИ көрсеткіші бәрін алаңдатып отыр. Науқастар ауыр және өте мүшкіл халде ауруханаларға түсіп жатыр. 18 наурыз күні қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталыпты.

Көпсалалы медициналық орталықтың инфекциялық блогының дәрігері ИВЛ аппараттарда жатқан науқастар саны күрт артқанін жеткізді.

"Жансақтау бөліміне тәулігіне жаңадан 5 науқас жатқызылады. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде және кәрі жастағы адамдар үшін коронавирус өте ауыр өтеді", - дейді Атығаева.

Дәрігер былтырғы жағдай (жаздағы – ред.) қайталанбас үшін, сонымен қатар өлімге әкелетін өте ауыр жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарға санитарлық шаралардың бәрін сақтауды ұсынады.

"Күн сайын сіздер мен біздің амандығымыз үшін жұмыс істейміз. Бірақ жағдайды тек дәрігерлердің көмегімен реттеу мүмкін емес. Әркімнің жауапкершілігі маңызды рөл атқарады", - деді елорда дәрігері.

Медицина маманы инфекция жұқтыратындар саны әсіресе мереке күндерінен кейін күрт артатынын сөз етті. Адам көп жиналатын орындарда санитарлық нормалар сақталмауынан науқастар саны айтарлықтай көбейеді. Қала тұрғындары үшін бұл байқалмауы мүмкін, бірақ дәрігерлер жағдайдың күрт нашарлағанын көріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903983-nauqastar-auruxanaga-auyr-zagdaida-tusip-zatyr-elorda-darigerleri-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel