Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайық өзенін кесіп өтпек болған жүргізуші көлігімен мұз астына түсіп кетті (фото)

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнынан фото: Ақ Жайық

Атырау облысында Жайық мұзы ойылып, "Нива Шевролет" көлігі суға батып кетті. Ал жүргізуші көлігінен шығып үлгерген деп хабарлайды Ақ Жайық.

Келеңсіз жағдай 15 наурыз күні Махамбет ауылында орын алған. Жүргізуші өзеннен кесіп өтпек болған екен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Атыраудан 3 сүңгуір-құтқарушы жіберілген.

"Олар су астында көлікке арқан байлап, содан соң оны өзеннен сүйреп шығарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай осы Махамбет ауданында 7 наурызда да болған: Жалғансай ауылында мұз ойылып, "Лада Гранта" көлігі Жайыққа түсіп кеткен.

Жергілікті тұрғындар мал іздеу үшін арғы бетке өзеннен өтпек болған. Ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері көліктің түгел батып кетпеуін қадағалап, арқан бекітіп, содан соң тұрғындардың өзі оны трактормен жағаға сүйреп шығарған.

Осы орайда ведомство мұз үстімен жаяу өту де қауіпті екенін ескертеді.

"Кез келген су айдынында мұз қалыңдығы біркелкі болмайды. Қатты мұз көкшіл немесе жасылдау түстес, ал жұқа мұз мөлдір-ашық түсті болып келеді. Қазіргі таңда өңірде су айдындарындағы мұздың жұқарғанын аңғаруға болады, ол адамның салмағын көтере алмайды. Сондықтан тәуекел етпеген жөн", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Фото
Оқиға орнынан фото: Ақ Жайық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904032-zaiyq-ozenin-kesip-otpek-bolgan-zurgizusi-zenil-koligimen-muz-astyna-tusip-ketti-foto/

pixel