Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк көліктерін жібермедік": Петропавлға жақын ауыл тұрғындары қар шығарушыларға наразы

Опубликовано:

Жители Петропавловска
Кадр: Astana TV

Петропавлдағы Былғары зауыт кентінің тұрғындары тасқыннан қауіптеніп отыр. Себебі, көше тазалап жүрген коммуналдық кәсіпорындар, сол жерден шағын полигон ашып алған. Енді жұрт күн жылынған кезде еріген қар суына батамыз ба деп үрейленеді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Былғары зауыт кентінің байырғы тұрғыны Любовь Боева жүк көліктерінің қарды үйдің төңірегіне төгіп жатқанын көріп, көңілі алаң болды. 74 жастағы қария коммуналдық кәсіпорынның бұл ісіне үзілді-кесілді қарсы болған соң, жолды бөгеп тастағанын айтады.

"Біз қариялармен бірлесіп, жолдың үстіне шықтық. Жүк көліктерін жіберген жоқпыз. Олар бізбен тартысып шаршаған соң, қарды дәл жолдың шетіне төгуге мәжбүр болды. Енді камаздар арғы жаққа өтіп кетпес үшін мен таңертеннен бері бұл маңайды күзетіп жүрмін", - деді Былғары зауыт кентінің тұрғыны Любовь Боева.

Олар еріккеннен емес, ертеңіне алаңдағасын шыққанын айтады. Себебі, 2017 жылы Есіл өзені арнасынан асып, шағын ауданның ондаған үйі су астына кеткен болатын. Соңғы бір айдың ішінде Петропавлда қардың мөлшері нормадан екі есе артық түсті. Сондықтан тасқыннан қауіптенген жұрт, Былғары зауыт кентінің ішінен қар полигонын ашуға түбегейлі қарсы.

"Шағын ауданды қорғап тұрған дамба әлі толықтай салынып біткен жоқ. Биыл қар қалыпты мөлшерден асып түсті. Мына жерге төгілген қардың барлығы ертең еріп, үйіміз бен баубақшаны су басатыны анық. Былғары зауыт кенті қауіпті аймақта тұр", - деді елді мекен тұрғыны Дарья Козловская.

Жергілікті билік өкілдері полигонның орны дұрыс таңдалғанын айтып, жұртты сабырға шақырып отыр. Атқамінерлердің пайымдауынша, қар төменге төгіліп жатыр.

"Полигон батпақ жердің үстінде белгіленген. Ертең қар еріген кезде, су төменге қарай, дамбаның арғы жағына ағып кетеді. Бүгінде Былғары зауыт кентінен 15 мың текше метр қар шығарылды. Егер біз оны басқа полигонға апарсақ, бір рейске 2.5-3 сағат кетер еді. Демек, шығарылған қардың көлемі 5 есе аз болар еді", - деді Петропавл қалалық әкімдігі ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақыт Ілиясов.

Автор: А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904098-zuk-kolikterin-zibermedik-petropavlga-zaqyn-auyl-turgyndary-qar-sygarusylarga-narazy/

pixel