Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Назарбаевтың суреті бар монеталар айналымға шығарылмақ

Опубликовано:

коллекционная монета с Нурсултаном Назарбаевым
Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік "Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Номиналы 1000 теңгелік монеталар құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған. "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталары – "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан.

Таралымы – 1000 дана, жалпы массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм.

Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" сапасымен дайындалған.

"Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін еске салды.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

ФОто
Фото: Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904117-qazaqstanda-nazarbaevtyn-sureti-bar-monetalar-ainalymga-sygarylmaq/

pixel