Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың ұйқысыздыққа душар ететіні рас па: Дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Пандемияға байланысты өткен жылдың қыркүйек айынан кейін ұйқысыздыққа шалдыққан адамдар саны көбейе түскен. Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Роман Бузунов айтты деп жазады РИА Новости.

"Егер өткен жылдың сәуірінде коронавирустан кейінгі ұйқысыздық туралы ешбір шағым айтылып, тіркелмеген болса, қыркүйекте бұл туралы айтыла бастады. Содан кейінгі кезеңде мұндай шағымдар күрт көбейді. Тіпті 2021 жылдың наурызында дерт жұқтырғандар тарапынан ұйқысыздыққа қатысты айтылған 3-4 мың шағым тіркелген", – дейді Бузунов.

Дәрігердің сөзінше, коронавирустың өзі ауыр психологиялық стресс болғандықтан, ол мазасыздық пен депрессияға және ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін.

Дегенмен COVID-19-дың ұйқыға кері әсер ететіні туралы пікірталас әлі де жалғасуда. Себебі вирустың ұйқыны реттейтін орталықтарға тікелей әсері әлі де дәлелденбеген.

"Коронавируспен ауырмаған, бірақ ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдар көп", – дейді Роман Бузунов.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік психолог Ольга Коротина-Гессе күйзеліске түсудің негізгі 6 белгісін атаған болатын.

Оның пікірінше, алғашқы белгі көңіл-күйдің болмауы әрі бәрінен баз кешу сезімінде болу. Мұндай сәттерде адам өзін бақытсыз сезіне бастайды және өмірді мәні жоқ деп санайды.

Сонымен қатар болған нәрсенің бәріне өзін кінәлау, түнде ұйықтамау, тым ерте немесе өте кеш ояну да адамның күйзелісте жүргенін білдіреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904136-koronavirustyn-uiqysyzdyqqa-dusar-etetini-ras-pa-dariger-zauap-berdi/

pixel