Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі 5 баласымен тастап кеткен келіншек: Еш мойымадым

Жарияланған күні:

Отбасы көрінісі
Көрнекі фото: piqsels.com

Өскемен қаласының тұрғыны қиын жағдайға тап болғанын баяндады. Оның сөзінше, жұбайы 5 баласымен тастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен қазір бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Оның төртеуі мектепке, ал кішісі балабақшаға барады. Олардың әкесі бар, бірақ ол бізді тастап, басқа әйелге кетті.

Бұрынғы күйеуім жақсы жерде жұмыс істейді және лайықты жалақы алады, алайда барлық бала үшін небары 20 000 теңге алимент төлейді. Тек осы ақшадан басқа еш көмек бермейді. Ол бізді кіші қызы небәрі 3 айлық болғанда тастап кетті, менің туыстарым жоқ, ата-анам қайтыс болған.

Бірақ мен еш мойымадым, подъездердің еденін жуамын. Менің білімім бар, бірақ жұмыс істей алмаймын, өйткені мен күні бойы жұмыста болсам, балаларға кім қарайды.

Сондықтан маған толық емес жұмыс кестесімен нәпақамды табуға тура келеді, бірақ оны әрең жеткіземін. Бұл қиындықтар жақын арада аяқталады, балаларым есейіп, жағдай реттеледі деп сенемін. Жұмысқа орналасуға және лайықты азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады", – дейді Өскемен қаласының тұрғыны.

Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЖД қызметкерлері әйелге және басқа да мұқтаж адамдарға көмектесуге бел байлаған. Олар жанұяларға азық-түліктің бір айлық қоры бар азық-түлік себеттерін таратқан.

"Бұл біздің аз қамтылған отбасыларға көрсетіп жатқан алғашқы көмегіміз емес. Желтоқсан айында да балаларға қуаныш сыйлаған едік, болашақта оларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", – дейді әділет майоры Серік Бекбұлданов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904143-kuieui-5-balasymen-tastap-ketken-kelinsek-es-moiymadym/