Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 21-28 наурыз аралығында қатаңдатылған шектеу шаралары енгізіледі

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде мегаполисте шектеу шаралары қатаңдатылатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматыда соңғы тәулікте 437 жағдай тіркелді. Бұл өте жоғары көрсеткіш, біз жедел түрде қаулы қабылдадық. Егер біз түбегейлі шаралар қабылдасақ, онда инфекцияның таралуын тоқтата аламыз.

Біз инфекция көп таралатын нысандарға айрықша көңіл бөліп отырмыз. Тіпті мектептерге де назар аудардық. Сыныптардың сыйымдылығын 25 оқушыдан 15-ке азайттық", - дейді Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, 21 наурыз бен 28 наурыз аралығында базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне шектеу қойылады. Тамақтану орындары тек жеткізіп беру қызметін ұсына алады.

Шаштараздар мен сұлулық салондары тек алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Маникюр, педикюр және косметологиялық қызмет көрсетуге рұқсат жоқ.

Сонымен бірге фитнес орталықтардың да қызметіне шектеу қойылады.

Сондай-ақ азық-түліктік емес дүкендердің жұмыс уақытына шектеу қойылады (10.00-ден 20.00-ге дейін). Қонақ үйлер мен демалыс базаларында адамдардың сыйымдылық саны 50 пайыздан аспауы керек.

Қоғамдық көліктер мен қалааралық маршруттар жұмыс күндері кесте бойынша жұмыс істесе, демалыс және мереке күндері қатынауына рұқсат жоқ.

"Біз осы уақыт жеткілікті деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз байланыс санын азайту. Бірақ жұмысқа, емдеу мекемелеріне бару керек болғандықтан, бұған рұқсат беріледі", - дейді Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904281-almatyda-qatandatylgan-sekteu-saralary-engiziledi/

pixel