Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

410-ы Алматыдан: Коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер жарияланды

Опубликовано:

бетперде58
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 1208 адамнан коронавирус індеті анықталды. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 203
  • Алматы қаласы - 410
  • Шымкент қаласы - 27
  • Ақмола облысы - 51
  • Ақтөбе облысы - 39
  • Алматы облысы - 95
  • Атырау облысы - 41
  • Шығыс Қазақстан облысы - 20
  • Жамбыл облысы - 14
  • Батыс Қазақстан облысы - 93
  • Қарағанды облысы - 90
  • Қостанай облысы - 42
  • Қызылорда облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 13
  • Павлодар облысы - 37
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 16
  • Түркістан облысы - 13

Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 232 906.

Сонымен қатар өткен тәулікте 627 адам індеттен жазылған.

Қазір елімізде 21 314 адам короновирустан емделуде. Олардың ішінде 6 369 пациент стационарда, 14 945 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

287 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 35 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 20 наурыздағы мәлімет бойынша аталмыш диагоноз 21 адамға қойылып, 1 жағдай өліммен аяқталған. 192 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 50 121 адам ауырып, 662 науқас қайтыс болған. 46 373 адам жазылы шыққан.

Айта кетейік, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904344-410-y-almatydan-otken-taulikte-1200-den-asa-qazqstandyqtan-covid-19-anyqtaldy/

pixel