Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денедегі жараға ем": Екінің бірі біле бермейтін тағы бір тұзды көл жайлы не білеміз (фото)

Жарияланған күні:

Тұздыкөл
Фото: Әлеуметтік желі/Ақжайық

Атырау облысы Индер ауданындағы Тұздыкөлден бөлек көпшілік біле бермейтін тағы бір тұзды көл бар. Ол-Шолан көл деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Шолан көл - Өрлік ауылынан батысқа қарай Нарын құмының шығыс жақ бөлігінде орналасқан.

Шежірелік деректерде Нарынның етегіндегі ел руға бөлініп қоныстанғанда себектер Туманы, қаратоқайлар Мәмбетті, құлкештер Қаңбақтыны, жайықтар осы Шолан тауы мен Толыбай маңын қыс қыстап, жаз жайлаған деседі.

Сол Шолан тауының етегінен олар тұзды көлді тапқан. Оның тұзымен сол жердің тұрғындары ас тұздаса, қара тұзымен ауырған балаларды шомылдырып, емдік мақсатта пайдаланған.

Тұзды көлдің аумағы 3000х700 метр. Көлдің қасиетін ғалымдар толық зерттемеген. Енді ғана назар аударылуда екен.

Тұзды көл74
Фото: Әлеуметтік желі/Ақжайық

"Аудан көлемінде екі тұзды көл бар, бірі Индербор кентінен 30 шақырым жерде орналасқан Тұздыкөл. Оның суы мен балшығын денсаулығына пайдалану үшін жыл сайын жан жақтан жүздеген адамдар келеді. Тағы бір тұзды Шолан көлі бар, оның құрамы басқа? Бірақ ол да денсаулыққа пайдалы, әсіресе денедегі жараға ем. Бұрын жаралы киіктер осы көлде аяғын батырып тұрады екен", - дейді Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Хасан Қамашев.

Тұзды көл74
Фото: Әлеуметтік желі/Ақжайық

Тұзды көлдің "Шолан" аталуының да өзіндік ерекшелігі бар.

Қырда отырған қазақтар шоланды (қазір сарай дейді) пайдаланған, тұзды соған сақтаған деседі. Содан "шолантұз" болған.

Енді бір дерек бойынша, Байбақтының Сасай бөлімінің старшыны Сырым батырдың атасы атақты Шолан батыр сол өңірде қоныстанған. Сондықтан сол жер батырдың есіміне орай аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904355-tuzy-denedegi-zaraga-em-kopsilik-bile-bermeitin-tagy-bir-tuzdy-kol-zaily-ne-bilemiz-foto/