Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус өршіді: Малайзия барлық шетел азаматтарына қатысты жаңа талап енгізді

Жарияланған күні:

Малайзия74
Фото: pixabay.com

Малайзияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты барлық шетел азаматтарының ел аумағына кіруіне және жүруіне шектеулер енгізілді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында хабарлады.

2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Малайзияға ұшып келген екі жастан асқан барлық жолаушылар үш күн ішінде алынған COVID-19 теріс нәтижесі көрсетілген ПТР анықтаманы ұсынулары тиіс.

Сонымен қатар мемлекетке келген барлық адамдар Малайзия үкіметі белгілеген мекемеде міндетті карантиннен өтулері керек (7 күн), ал анықтамасыз келген жолаушылар (карантин 10 күнге дейін ұзартылады) міндетті карантиннен ғана емес, ПТР тесттен де өтуі қажет.

ПТР тест пен карантиндік стационарға орналастырумен байланысты барлық шығындар (976 доллар немесе 1085 доллар. Анықтаманың болу/болмауына байланысты) саяхатшының есебінен жүргізіледі.

Бұдан бөлек, шетел азаматтарына карантинге орналасу жағдайларын таңдау құқығы берілмейді - бұл қонақ үй, отель, санаторий немесе емхана болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия билігі елге кіру ережелерін өзгертетінін хабарлаған еді.

Жаңа ережелерге сәйкес, елдің денсаулық сақтау министрлігі Түркияға келетін барлық рейстерде коронавирусты бақылауға арналған жазбаша сауалнаманы толтыру талабынан бас тартып отыр.

Енді елге ұшып келген азаматтар (соның ішінде Түркия азаматтары) сапардан 72 сағат бұрын денсаулық сақтау министрлігінің https://register.health.gov.tr ​​сайтында сауалнама толтыруы керек.

Сауалнаманы шығарып алу керек және электронды құрылғыға (смартфон, планшет) жүктеу қажет. Оны жолаушы ұшатын уақытта әуе компаниясының қызметкеріне көрсетуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904362-koronavirus-orsidi-malaiziya-barlyq-set-azamattaryna-qatysty-zana-talap-engizdi/