Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Түркия билігі елге кіру ережелерін өзгертпекші

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

15 наурыздан бастап шетелдіктерге Түркияға кіру үшін арнайы электронды сауалнама толтыру қажет болады деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, елдің денсаулық сақтау министрлігі Түркияға келетін барлық рейстерде коронавирусты бақылауға арналған жазбаша сауалнаманы толтыру талабынан бас тартпақ.

Жаңа ережелерге сәйкес, елге ұшып келген азаматтар (соның ішінде Түркия азаматтары) сапардан 72 сағат бұрын денсаулық сақтау министрлігінің https://register.health.gov.tr ​​сайтында сауалнама толтыруы керек.

Сауалнаманы басып шығару және электронды құрылғыға (смартфон, планшет) жүктеу қажет. Жолаушы оны ұшатын уақытта әуе компаниясының қызметкеріне көрсетуі тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында тіркелу кезінде жүйе жұмыс істейтін ұялы телефонды көрсетуді талап етеді. Бағдарлама туристке қонақүйлерге кіру кезінде және бірқатар нысандар мен іс-шараларға барғанда, ел бойынша жүріп-тұруға қажет болатын HES-кодын береді.

Алайда транзиттік сапармен келетін қонақтарға ерекше жағдай жасалып отыр, олар сауалнаманы әуе кемесінің бортында толтыруы керек.

Еске салсақ, бұған дейін елімізге шет елдерден ПТР анықтамасыз 984 жолаушы ұшып келгені туралы хабарлаған едік.

2021 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902882-koronavirus-turkiya-biligi-elge-kiru-erezelerin-ozgertpeksi/

pixel