Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, тұман, көктайғақ: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

тұман
Көрнекі фото: Хабар 24

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескеру жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

25 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бурқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

25 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

25 наурызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: күндіз 25 наурызда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 25 наурызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шымкент қ: 25 наурызда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 25 наурызда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 25 наурызда кей уақытта тұман, күндіз найзағай күтіледі.

25 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ: 25 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.

25 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 25 наурызда көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 25 наурызда көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904504-naizagai-tuman-koktaigaq-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel