Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз мейрамында іш киіммен сумаляк дайындаған арулар қамауға алынды

Опубликовано:

Фото
Фото: uzledy.ru

Өзбекстанда іш киіммен сумаляк дайындаған алты азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үшеуі 15 тәулікке қамауға алынса, қалғандарының әрқайсысына 1,2 миллион сум айыппұл салынды деп жазады gazeta.uz.

Үргеніш қалалық қылмыстық істер бойынша соты іш киіммен сумаляк дайындаған алты азаматшаға қатысты үкім шығарды.

Әкімшілік іс қоғам өкілдері мен БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен қаралды деп хабарлады Хорезм облыстық телерадиокомпаниясы.

Әлеуметтік желілерде мерекелік тағамды дайындау процесінің видеосы тараған. Телеарна материалында роликтің 20 наурызға қараған түні түсірілгені айтылды.

Сонымен қатар репортажда "бұл әрекет өзбек ұлтына және өзбек әйелінің абыройына сай келмейтіні" де айтылған.

Телеарна мәліметінше, сотта сумаляк дайындаған әйелдер мен куәгерлердің сөздері тыңдалған.

"Құқықбұзушылар өздерінің заңсыз әрекеттерін түсініп, жасаған істеріне өкінетіндіктерін айтты", - делінген хабарламада.

Кадрдан судья шешімді оқығанда, кейбірінің көзіне жас алғанын байқауға болады.

Сот үкімімен үш азаматша Әкімшілік кодекстің 183-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп табылып, 15 тәулікке қамауға алынған. Жаза 23 наурыз сағат 11:30-дан бастап есептеледі.

Сонымен қатар қамауда отырған кезде кететін шығындарды (олардың тамағы сынды) айыпталушылар өз қалтасынан төлейді.

Тағы үшеуіне 1,22 миллион сум көлемінде (49 000 теңгеге жуық) айыппұл салынған. Сот олардың балалары бар екенін ескерген.  

Айта кетейік, бұған дейін желіде сумаляк дайындаған жартылай жалаңаш қыздардың видеосы тарап, үлкен резонанс тудырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904529-nauryz-meiramynda-is-kiimmen-tamaq-pisirgen-qyzdar-sottaldy/

pixel