Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жанпейісовтің әпкесі үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Гаухар
Кадр: youtube.com/Bi Bars Raimbekov

Қазір жазасын колонияда өтеп жатқан блогер Руслан Жанпейісовтің әпкесі Гаухар Жанпейісова (құжат бойынша Бибісара Райымбекова) қазақстандықтарға бейнеүндеу жасады. Ол қолдау білдіріп отырған жандарға алғысын білдіріп, прокуратура ағасының босап шығуына кедергі келтіріп жатқанына шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құжат бойынша есімі Бейбарыс болғанымен, біз оны әлі күнге дейін үйде Руслан деп атаймыз. Өкінішке қарай, түрмеде отыруына байланысты ол интернетке кіре алмайды. Бірақ оның каналдарын әкімшілері жүргізіп отыр", - дейді Гаухар.

Ол отбасының және Русланның атынан қазақстандықтарға осы қиын сәтте қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

Блогердің әпкесі жақында олардың анасы жағдайдың мән-жайын анықтау туралы өтінішпен президентке жүгінгенін атап өтті.

"Алайда Бас прокуратура мен Қызылорда облыстық прокуратурасы менің ағамды босатуға кедергі келтіруін жалғастыруда. Олар ағамның, тіпті шартты түрде де мерзімінен бұрын босап шықпауы үшін бәрін жасайтынын біз білеміз, оның босатылуына барлық негіз болса да", - дейді Гаухар Жанпейісова.

Гаухар ағасына тағылған айыптар айтарлықтай ауыр еместігіне қарамастан, оған колонияда ерекше талаптар қойылып жатқанын алға тартуда. Оның пікірінше, өзін-өзі ұстауға қатысты мұндай талаптарды орындауға ағасы міндетті емес.

"Ойланыңыз, прокуратура алдымен оның босатылуын қолдайды. Содан кейін наразылық білдіріп, бәріне сотты және менің ағам жазасын өтеп жатқан мекемені айыптайды. Бірақ маңыздысы бұл емес. Бастысы - біз отбасымызбен және көптеген қазақстандық оған алаңдап отыр", - дейді Жанпейісовтің әпкесі.

Ол інісінің президенттен кешірім сұрағанын да еске салды және оның отбасына, ата-анасына, балаларына, әйеліне оралуына мүмкіндік беруді өтінді.

Гаухардың айтуынша, бүгінде блогер ауруханада жатыр және қазіргі жағдай "оның пайдасына шешілмеуде".

Еске салайық, былтыр шілде айының соңында Шымкентте Руслан Жанпейісов есімімен танымал Бейбарыс Райымбековке үкім шықты.

Ол Gelandewagen жүргізушісіне орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны, сондай-ақ қызмет барысында билік өкіліне тіл тигізгені үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында блогердің анасы мемлекет басшысына үндеу жасады. Ол ұлы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы керек болғанын, бірақ прокуратура наразылық білдіріп, бұған жол бермей отырғанын айтқан еді.

Кейінірек Бас прокуратура Руслан Жанпейісовке колониядан шығуға неге тыйым салынғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904590-ruslan-zanpeiisovtin-apkesi-undeu-zasady-video/

pixel