jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Белгілі саясаттанушы қазақстандықтарға 10 сотық жерден беруді ұсынды

Жылқылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Саясаттанушы, Ұлттық коғамдық сенім кеңесінің мүшеі Расул Жұмалы жер мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысында қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Расул Жұмалы еліміздің жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында екенін, ал халықтың тығыздығы бойынша 184 орында тұрғанын атап өтті. Яғни әрбір 1 шаршы шақырымға 6 адамнан келеді екен.

"Бірақ шын мәнісінде егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жер жетіспейді", - дейді ол.

Сонымен бірге саясаттанушы қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы мәселені де көтерген.

"Сонда латифундистерге (ірі жер иеленушілері - ред.) жалға беру үшін жер бар, ал 1,5 млн қазақстандыққа жер жоқ. Олар әлі күнге дейін кезекте тұр. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Менің ойымша, 10 сотық жерді беру мәселесін шешетін уақыт келді. Ол үй сала ма, жоқ басқа бір нәрсе істей ме, бұл өзінің шаруасы", - дейді Расул Жұмалы.

Еске сала кетсек, сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері жекенің меншігіне емес, мемлекетке тиесілі болуы керек деген мәлімдеме жасаған еді.

Ақылбек Күрішбаевтың сөзінше, Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жай ғана өндіріс құралы емес, бұл ұлттық игіліміз, ата-бабамыздан қалған тарихи мұрамыз, бүкіл халқымыздың байлығы және оның басты құндылығы.

Белгілі саясаттанушы қазақстандықтарға 10 сотық жерден беруді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.