Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 млн теңгеге есірткі тасыған: ШҚО-да арнайы операция жүргізілді (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: ШҚО ПД

Жарма ауданында есірткі сатқан ер адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, есірткінің құны қара базарда 11 миллион теңгені құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Дәрмек" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 5518 әскери бөлімінің арнайы жасағымен және Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Жарма ауданы Қалбатау кентінің маңында "Алматы-Өскемен" автожолында "Volvo-580" маркалы автокөлікті ұстады. Аталған автокөлік салонында Жамбыл облысының 39 жастағы тұрғыны мен автокөлік жүргізушісі болған.

"Жеңіл автокөлікті тінту барысында автокөлік ішінен екі автомашинаның қосалқы доңғалағы табылды, олардың ішіне скотч лентасымен оралған, "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған 19 түйіршіктелген бума табылды", – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұстау сәті
Фото: ШҚО ПД

Тергеу барысында күдікті танысына мән-жайды айтпай, оның автокөлігімен Өскемен қаласына дейін қосалқы доңғалақтарды жеткізіп беруді өтінгені анықталды. Бұған дейін аталған ер адам полиция қызметкерлерінің назарына ілікпеген. Жедел уәкілдер күдіктінің Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасын ұйымдастыруға тырысқанын анықтады. Тәртіп сақшылары есірткі арнасына қатысы бар адамдардың жеке басын анықтап жатыр.

Есірткі
Фото: ШҚО ПД

ШҚО бойынша сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 19,5 килограмды құрады.

Күдікті қамауға алынды, ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904672-sygys-qazaqstan-oblysynda-arnaiy-operaciya-zurgizildi-video/

pixel