Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында вакцинация салдарынан дәрігердің қайтыс болғаны рас па

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Bharat Bhushan/Hindustan Times via Getty Images

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы гинеколог дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Әйел жұмыс істеген аурухана бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мұны барлығы білуі керек! Біз Наурыз мейрамында туыстарымызбен кездестік. Сонда Іле ауданының Қосөзен ауылында вакцина салдырған гинеколог бір аптадан кейін қайтыс болғанын естідім. Бұл туралы еш жерде хабарланбаған! Үкімет неге мұндай фактілерді жасырып отыр?", – деп жазды қазақстандық Асхат Асылбеков өзінің Facebook парақшасында.

Ер адам денсаулық сақтау министрін "пандемия туралы барлық шындықты айтуға" және ресейлік препаратпен вакцинациялау нәтижелерін жасырмауға шақырды.

Ол сонымен қатар Еуропа елдерінде AstraZeneca препаратымен вакцина салдырудан кейінгі өлім-жітім саны көбейгендіктен аталған препаратпен вакцинациялау тоқтатылғанын еске салды.

"Еуропалық билік бұл туралы хабарлауға батылдық танытып, вакцинаны тоқтата тұрды. Кейінірек олардың зиянынан гөрі пайдасы көбірек деуі вакцинация қаупін жоққа шығармайды. Вакцинацияға ағза қалай әсер ететінін ешкім білмейді", – деді Асылбеков.

Оған қоса, ол вакцинация адамның коронавирус жұқтырмайтындығына толық кепілдік бермейтіндігін атап өтті. Асылбековтың айтуынша, вакцинация қажет, бірақ "тексерістен өткен вакцина" болуы керек. Бұл жазбаға қайтыс болған әйел жұмыс істеген Іле орталық аймақтық ауруханасында пікір білдірді. Түсініктеме жазбаның астында пайда болды.

"Медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты қызметкер коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырмаған. Сіз жалған ақпарат тарату арқылы халықтың бағыттан адастырып, қиын уақытта дүрбелең туғызып, инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған жұмыстарға нұқсан келтіресіз. Әкімшілік кодекстің 80-1-бабына сәйкес (Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлердің заңды қызметіне кедергі жасау) Сізді жауапкершілікке тарту құқығымыз бар", – делінген медициналық мекеменің түсініктемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904684-almaty-oblysynda-vakcinaciya-saldarynan-darigerdin-qaitys-bolgany-ras-pa/

pixel