Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашығымен кездесті: Екібастұздық әйел қызын екі күнге үйге қамап кеткен

Опубликовано:

Қамауда ұстау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктісімен кездесу үшін баласын бірнеше күн қараусыз қалдырған Екібастұз тұрғыны жазаланады деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы полиция басқармасының аға инспекторы Фатима Ахметчанованың айтуынша, полицияға үй тұрғындарынан қоңырау келіп түскен.

"Көршісі үйдегі пәтерлердің бірінде 12 жасар қыз екі күннен бері жалғыз қамалып отырғанын айтты. Полиция анасының қайда екенін анықтады. Белгілі болғандай, анасы Өскемен қаласына ер адаммен кездесу үшін кетіп, бірнеше күннен кейін ғана үйіне оралуды жоспарлаған", - дейді Ахметчанова.

Пәтерді ашуға төтенше жағдайлар қызметкерлері мен білім саласының өкілдері шақырылды. Қызбен әңгімелесу кезінде оның әжесі қалада тұратыны анықталды. Кәмелетке толмаған жеткіншек қолхатпен әжесіне тапсырылды.

"Бұған дейін кәмелетке толмаған баланың анасы "кәмелетке толмағанның тәрбиесі мен білім алуы, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін" Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Алайда ол мұнысынан ешқандай қорытынды жасамаған. Аталмыш факт бойынша анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, ананың әрекеті кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, отырыста олар қыздың анасында одан әрі болу мәселесін қарайтын болады", - деді Фатима Ахметчанова.

Ювеналды полиция қызметкерлерінің тәжірибесінде мұндай жайттар көптеп кездеседі. Мәселен, 18 наурыз күні кешке Екібастұз полициясына көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп жүрген 8-10 жас аралығындағы балалар туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция келген кезде балалар болмады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, салдарын бәріне түсіндірді. Сондай-ақ, ПИК қызметкерлерімен шатырға шығуға мүмкіндік беретін барлық есіктерді құлыптармен жабу бойынша жұмыс жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904817-gasygymen-kezdesti-ekibastuzdyq-aiel-qyzyn-eki-kunge-uige-qamap-ketken/