Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлшектелген денесін шалғай жерге жасырған": Полиция Аяжан Еділованың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Аяжан
Фото: "Алматы" телеарнасы

Алматы полиция департаменті Аяжан Еділованың өліміне қатысты бірқатар ақпаратты жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов кісі өлтіру жағдайы пәтерде орын алғанын мәлімдеді.

"20 наурызда 102 пультіне бойжеткеннің жоғалып кету фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Хабарламаны тіркеу 20 наурызда сағат 16.06-да жүргізілді, факт Медеу ауданы полиция басқармасының алдын ала тергеу бойынша біріңғай тізілімінде тіркелді, тергеу басталды. 21 наурызда тергеу тобы құрылып, олар Аяжан Еділованы іздей бастады. Нәтижесінде 21 наурыз күні сағат 22.00-де біз Алатау ауданы, Нуркент ықшамауданындағы мекенжайды анықтадық, онда 1993 жылғы күдікті Н. тұрып жатқаны анықталды. Тұтқындау кезінде пәтердің есіктерінің бірін бұзып кірген полицияны көре салған күдікті өзін-өзі өлтірмек болған. Жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды, ол ауруханаға жатқызылды, күзетшілер орналастырылды, ол қамауда. Қылмыскер бойжеткенді оның жоғалғаны туралы хабар келіп түскенге дейін 19-нан 20 наурызға қараған түні өлтіргенін анықтадық", - дейді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Ол бойжеткеннің мәйіті бөлшектелген күйі табылғанын растады.

"Біз мәйітті бөлшектенген күйінде таптық, күдіктінің айтуынша, ол бойжеткенді өлтіргеннен кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті бөлшектеген, кейін денесінің кейбір бөліктерін ауданның сыртына шығарып, қоқыс жәшіктерінің біріне жасырып үлгерген, оның дене бөлшектері табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полиция қызметкері.

Оның айтуынша, қазір бойжеткенді өлтірудің себептері анықталып жатыр. Барлық дәлелдер мен нұсқалар тексеріледі, жедел топ құрған прокуратура да тексеріс жүргізеді.

Еске салайық, Аяжанның жоғалғаны аптаның басында, мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлтірілгені анықталғанын хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904827-bolsektelgen-denesin-audannan-salgai-zerge-zasyrgan-policiya-ayazan-edilovanyn-olimine-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel