Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирустың мутацияланған штамдары анықталды: Бекшин үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: primeminister.kz

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Алматыда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, вице-министр Ажар Ғиният пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова бастаған республикалық Комиссия мүшелерінің қатысуымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық комиссияның шұғыл кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында биылғы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер талқыланған.

Бекшиннің айтуынша, қала стационарлары мен емханаларындағы пациенттер мен персонал ағынының қозғалысын сақтау, халыққа медициналық көмек көрсету, инфекциялық бақылау талабының сақталуы тұрғысынан бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысы тексерілген.

Сондай-ақ, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің қатысуымен жедел штаб өткізілгені белгілі болды.

Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, жалпы республикалық комиссия мүшелері қалада эпидемияға қарсы қабылданған шараларды мақұлдады.

"Алматыда жүзеге асырылған жұмыс алгоритмін, бұрын бекітілген аймақтарға бөлу жоспарларын іске асыруды және инфекциялық қауіпсіздікті сақтауды, сондай-ақ үйдегі стационарлардағы адамдарға медициналық бақылау жүргізу үшін Телемедицина орталығын пайдалану қажеттігін ескере отырып, соматикалық медициналық ұйымдарды ковидтік бағдарға ауыстыру схемасын қолдады. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, - деді Бекшин.

Бүгінде Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте коронавирусты жұқтырған 12 800 адам тіркелген. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, инфекцияны жұқтырудың жоғарғы деңгейі сақталуда.

Өзгерістер байқалған аймақтарды геномдық ретке келтіру нәтижелері белгілі болды – британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамдарына тән мутациялар анықталды.

Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция өте жұқпалы. Міне, осы жағдай мегаполисте анықталған инфекциялардың өршуіне әкелді.

"Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, біз қала тұрғындарының назарын осы жағдайға ерекше аударғымыз келеді. Құрметті алматылықтар және қала қонақтары. Бүгінде өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Сәуір айында біз вакциналардың жаңа дозаларын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, Алматыда екі миллион тұрғынның бар екенін, сондай-ақ көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, қазір жаңа штаммдар айналымы аясында барлықтарыңызды да ковидке қарсы шараларды күшейтуге шақырамын. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырамын", -деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904933-beksin-almatylyqtarga-mutaciyalangan-stammdarga-bailanysty-undeu-zasady/