Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қой сатты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жылқы1
Көрнекі фото: piqsels.com

Жамбыл облысында бақташы өзіне сеніп тапсырылған 61 жылқы мен 169 қойды сатты деген күдікке ілінді деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 наурызында Байзақ ауданының полиция бөліміне Тараз қаласының тұрғыны фазендадан ірі қара және ұсақ малдардың жоғалғаны туралы арызданған. 2020 жылдың қараша айынан бастап малдар шопанның бағуымен Байзақ ауданындағы жайылымда болған.

12 наурызда ол фазендаға келіп, 61 жылқы мен 169 қойдың жоқ екенін көрді. Жәбірленушіге келтірілген залал 36 миллион 680 мың теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен өз кінәсін толық мойындаған 40 жастағы шопан ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, Павлодар облысының тұрғыны жылқы ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды. Сонымен қатар үкім оның сыбайласына да шықты, бірақ ол келтірілген шығынды өтегендіктен, шартты түрде ғана жазасын алды.

Іс материалдарынан Ерік Тасыбаевтың 2018 жылдың жазында белгісіз адамдармен бірге 18 жылқыны ұрлап кеткені белгілі болды. Шығынның жалпы сомасы 5,6 миллион теңгеге бағаланды. Бір жылдан кейін ол жазда тағы бір ұрлық жасаған. Бұл жолы серіктесімен бірге жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге бағаланған 7 жылқыны қолды қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904966-zambyl-oblysynda-sopan-61-zylqy-men-169-qoi-satty-degen-kudikke-ilindi/

pixel