Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 4 өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 27 наурыздағы мәліметтері жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 1485 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 238 785-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елдегі карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, бұған дейін жария болған қаулыларға бірқатар өзгерістер енгізілген.

Нақтырақ айтсақ, Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан туроператорларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Қазақстан азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстанға COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын болады.

Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету де тапсырылып отыр.

Оған қоса, Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданы 17 наурыз күні карантин шарасын күшейтті. Арада бір аптадан астам уақыт өткенде аудан "қызыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904971-qazaqstannyn-4-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel