Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде 1485 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Omer Evren Atalay/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте 1485 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 365,

Алматы қаласы - 450,

Шымкент қаласы - 34,

Ақмола облысы - 48,

Ақтөбе облысы - 50,

Алматы облысы - 105,

Атырау облысы - 93,

Шығыс Қазақстан облысы - 17,

Жамбыл облысы - 15,

Батыс Қазақстан облысы - 87,

Қарағанды облысы - 85,

Қостанай облысы - 39,

Қызылорда облысы - 24,

Маңғыстау облысы - 10,

Павлодар облысы - 35,

Солтүстік Қазақстан облысы - 21,

Түркістан облысы - 7.

Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 238 785-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.

Бүгінде Алматы қызыл аймақта тұр. Биыл мегаполисте коронавирусты жұқтырған 12 800 адам тіркелген. Мутацияға түскен штамның барын ескере отырып, инфекцияны жұқтырудың жоғарғы деңгейі сақталуда.

Оған қоса, астаналық денсаулық сақтау басқармасының басшысы әкімдікте өткен брифингте тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай және қай жерде жасалатынын айтты. Тимур Мұратов тұрғындарға вакцина салу сәуірдің екінші жартысынан басталатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904949-otken-taulikte-elimizde-1485-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel