Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада балалар үйінде тұратын үш жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Жоғалған қыздар
Фото: отбасы мұрағатынан

Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салады. "Отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда түнгі 02:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызылорда облысы полиция басқармасының желідегі ресми парақшасына сүйенсек, 25 наурыз түнгі сағат 02.00 шамасында 2004 жылы туған Нугманова Ділда Мусабековна, 2006 жылы туған Нестерова Любовь және Сабанкулова Рано есімді жасөспірімдер жоғарыда аталған тұрғылықты мекен-жайларынан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған.

KAZ.NUR.KZ редакциясына жоғалған қыздардың бірінің әпкесі хабарласып, жасөспірімдерді іздеп табуға көмек сұрады. Айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілерін есімі белгісіз бір жігіт көлікке салып алып кеткен.

"2002 жылғы Любовь менің сіңлім. Балалар үйіндегі тағы бір сіңлім оларды жоғалған 2004 жылғы қыздың сөйлесіп жүрген жігіті көлігіне салып әкеткенін айтып отыр. "Балалар үйінен бостандыққа шығарып, қыдыртамын" деп ертіп әкеткен көрінеді. Тағы бір сіңлімді өздерімен баруға үгіттеген. Бірақ ол сонда қалған. Ол жігітті фотосынан біреу таныса есімін білер едік. Әлеуметтік желіде әртүрлі атпен жүр. Тима біресе, Марлен деп шығады. Осы жігітті тапсақ, қыздар да табылар еді", – дейді Любовь Нестерованың әпкесі.

Қызылорда облысының Полиция департаменті жасөспірімдер туралы қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұрайды. Телефондар: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904983-qyzylordada-balalar-uiinde-turatyn-us-zasospirim-qyz-zogalyp-ketti/