Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа Атырау облысы да кірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан.

Қазақстанның қалған өңірлері - "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1596 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 240 381-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді.

Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізілді.

Сонымен бірге Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Ал кеше Алматыдағы қатаң карантин мерзімі 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905011-koronavirus-elimizdin-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel