Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізіледі: Бекшин жауап берді

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты. Оның сөзінше, эпидемиологиялық ахуал нашарласа, барлық саланың қызметі тоқтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшиннің сөзінше, Алматыда науқастар саны 3 наурыздан бастап арта түскен.

3 наурыз күні шаһарда коронавирус жұқтырған 121 адам тіркелсе, 12 наурызда олардың саны 360-қа жеткен.

Оның сөзінше, бүгінде басты мақсат ауру тізбегін тоқтату болып отыр. Бұл ретте қоғамдық көлік жұмысын шектеу маңызды рөл атқарады. Себебі қоғамдық көлік - адамдардың ең көп жиналатын жері.

"Бізде 3400 төсек-орын бар, ал олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар резервте 7000 төсек-орын бар, олар да таусылуы мүмкін.

Егер күніне 5000 жағдай тіркелетін болса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Ал күніне 300 адам ауруханаға жатқызылса, қала локдаунға жабылады. Егер өз уақытында қажетті шараларды қабылдамасақ, барлық саланың жұмысын шектемей, керісінше тоқтатуға тура келеді. Әлі де кеш емес. Ал уақыт жоғалтсақ бәрі кеш болуы мүмкін", - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1011 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 342-і Алматыдан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903411-almatyga-lokdaun-qandai-zagdaida-engiziledi-beksin-zauap-berdi/

pixel