jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

Фото
Фото: Sputnik / Айгюзель Кадир

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандық ұйымның басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындалды. Олардың бірі Ермахан Ибраимов деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыс өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірсе, Сидней олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлердің мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

AIBA президенті Умар Кремлёв жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хат жолдаған.

Ол өзінің хатында олардың білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына үлес қосатынына сенім білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізіпті.

Азия бокс конфедерациясы да Ермахан Ибаримов пен Мейрам Нұртазинді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Бұл – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA-ның басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014-2017 жылдар аралығында комиссияларда алты отандасымыз жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан жасақталып жатыр.

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.